Салық базасын бүркемелеуге қарсы көпжақты конвенция ратификацияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.