• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Ақпан, 2020

Алматы әуежайы Қытайдан келген жолаушыларды карантинге жатқызады

138 рет
көрсетілді

Алматы әуежайы Қытайдан келген барлық жолаушыны карантинге жатқызатын болды. Бұл туралы әуежайдың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

«Құрметті жолаушылар, бүгіннен бастап бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес елде коронавирусқа қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатыр. Атап айтқанда, Алматы әуежайы арқылы өтетін бірінші санаттағы жолаушылар бірден карантинге жабылатын болды. Қаулыға сәйкес, 20 ақпаннан бастап коронавирус жұқпасы шыққан елдерден келетін жолаушылар үш санатқа бөлінген еді. Бірінші санатқа жатқызылған ҚХР-дан келген жолаушылар енді 14 күнге стационарлық карантинге жабылатын болды. Одан кейін 10 күндей медицина мамандарының бақылауында болады. Екінші санатқа жататын коронавирус жұқпасының 10 жағдайы тіркелген елден келген жолаушылар үй жағдайындағы карантинде 14 күн жатуы тиіс», - деп жазылған Алматы әуежайының ресми парақшасында.

Айта кетейік, қауіпті вирусты жұқтырған адам саны 10-нан аспайтын елден келген жолаушылар үйде 24 күн бақылауда болуға міндеттеледі.