2020 жылғы 5 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Nur Оtan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді. Бұл туралы Тұңғыш Президент-Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.
«Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Nur Оtan партиясының Саяси кеңесі бюросының отырысын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды» деп жазды Айдос Үкібай.