• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Ақпан, 2020

Милад Карими лицензиялық әлем кубогі кезеңінің финалына шықты

180 рет
көрсетілді

Мельбурнда спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшы Милад Карими еркін жаттығу бойынша финалға шықты. Гимнастикалық аттағы жаттығу бойынша өнер көрсеткен Ілияс Азизов 9-шы орын иеленіп, қосалқы құрамға енді.

Ал Нариман Құрбанов 12-ші орыннан көрініп, финалға өте алмады. Айта кетерлігі, аталған жарыс 24 ақпанға дейін жалғасады.