• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 22 Ақпан, 2020

Фристайл: Дмитрий Рейхерд Жапонияда күміс алды

106 рет
көрсетілді

Бұл күндері Жапонияның Тазавако қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңдік сайыстары өтуде.

Жарыстың алғашқы күні Дмитрий Рейхерд өз жанкүйерлерін қуантты. Бәсекені басынан аяғына дейін жоғары қарқында өткізген қазақстандық спортшы финалдық сайыста 81,62 ұпай жиып, екінші орынды иеленді. Оның алдын ораған канадалық Майкл Кингсбери. Ал үшінші орынға Үйеңкі жапырақтар елінің тағы бір өкілі Лоран Дюмэ жайғасты.