• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2010

АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ

742 рет
көрсетілді

Қарапайым халыққа заң қыз­ме­ті­нің қол жетімділігі қашанда ауадай қажет. Бірақ бұл көп жағ­дайда ой­лағандай бола бермейді. Сондықтан халықтың билікке деген наразы­лығы да туындап жа­тады. Ал кез келген тараптың ара­сын­дағы қандай дау болмасын оғ­ан нүкте қояр сот екендігі белгілі. Міне, бұл орайда, ең алдымен ха­лықтың қамын қам­даған еліміздің Жоғарғы Соты әділ­дік іздеп жү­гін­ген тараптарға ба­рынша же­ңілдік туғызып отыр. Енді бұдан былай сотқа шағымданған кез келген жан арызымның жағдайы не болды екен деп табалдырық тоз­ды­рып жүрмейді. Үйінде оты­рып, оның тіркелген уақытын, қай судья қарайтындығын және сот процесі қашан болатындығын алдын ала біле алады. Бұл жаңалық әзірге ТМД түгілі әлемнің көптеген елдерінде жоқ кө­рінеді. Сондықтан оның Қазақ­стан үшін маңызы өте жоғары. Аталған сот істері бойынша анық­тамалық бағдар­ламасы еліміздің сот органда­рының бі­ры­ң­ғай авто­маттанды­рылған ақпа­раттық тал­дау жүйесін дамыту аясында іске асырылған. Жоғарғы Сот аппарат басшысының орынбасары Болат Сақаловтың айтуынша, бұл бағ­дар­лама сот про­цесіне қатысу­шыларға яғни, құ­қық бұзушыға, талапкерге, жауап­керге, олардың өкілдеріне, қорғау­шыға, проку­рорға, жәбірле­нушіге, сотталу­шы­ға немесе сотталғанға және бас­қа да мүд­делілік танытқан кез кел­ген жанға об­лыстық және оған те­ңес­тірілген сот­тардың веб-сайт­тары ар­қылы бірінші, апелля­ция­лық, кассация­лық сатыларда қа­ралған немесе қаралатын азаматтық, қыл­мыс­тық және әкімшілік құқық бұзу­шы­лық туралы істердің үдері­сін ба­қы­лауға мүмкіндік береді. Бұл үшін облыстық және оған теңестірілген соттардың интернет ресурстарына, яғни веб-сайтқа “Сот істері бойынша анықта­ма­лық” деген атаумен баннер орна­ты­лады. Ол ар­қы­лы сотқа қа­ты­сушы “Сот істері бой­ын­ша анық­та­малыққа” енеді. Сол кез­де істер­дің жинақ қоры, жылы, істі қа­райтын сот сатылары көрсетіледі. Одан кейін жылына байланысты қажетті сот сатысына еніп, аталған істің нөмірін немесе талапкердің, жауапкердің, сотта­лушының аты-жөнін теру арқылы іздеген іс та­былады. Оның өндіріске қабыл­дан­ған, кейінге қалдырылған, тоқ­татылған, қаралған күндері мен судьяның аты-жөні тайға таңба басқандай жазылып тұрады. Бұл жаңалық сотқа қатысушылар үшін өте ыңғайлы әрі сенімді ақпарат кө­зі болып табылады. Бәрінен бұрын сыбайластықтың жолы қиылады. Сот істері бойынша анықтама­лық­ты тәжірибе жүзінде байқау Атырау облыстық соттарында жүзеге асырыл­ған. Үстіміздегі жылдың нау­рыз айы­ның басында тұсауы ке­сіл­ген жағымды үрдіс әп-сәтте қана­тын кеңге жая бас­тады. Өйткені, осы анықтамалық ар­қы­лы халықтың сот ақпаратына қолжетім­ділігі ар­тып, оның ашық­тығы қамта­ма­сыз еті­леді және сот қызметкерлерінің жүктемесі едәуір азаяды. Сөйтіп, күн­делікті істің жөнін білу үшін сот ғи­ма­ратының алдына қаптап келу­шілердің қата­ры сирейді. Олардың анда-мұнда шапқылауы күрт тыйы­лып, жол шығын­дары мен алтын уақыт­тары үнемделеді. Енді көп ұзамай мұндай ыңғайлы сот ісі жөніндегі анықтамалықтар әуе жай­ларда, темір жол вокзал­да­рын­да, сапар­жайларда, қонақ үйлер мен әкім­шіліктерде оранатылмақ. Бірақ жасөспірімдер ісі, сол сияқты жабық соттарда қаралған істер анықтамалыққа енгізілмейді. Александр ТАСБОЛАТОВ.