Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында Шәмші Қалдыаяқовқа арналған «Арыс жағасында» атты IV ретрофестиваль басталады. Оның аясында сондай-ақ атақты сазгер әндерін орындаушылардың «Менің Қазақстаным» атты облыстық конкурсы да өтеді. Бұл туралы «Южный Казахстан» газеті хабарлады.
Таңертең фестивальға қатысушылар ұлы композитордың өмірі мен шығармашылығына қатысты экспонаттар қойылған облыстық мұражайда болды. Содан кейін облыстық филармония ғимаратында болып, журналистермен кездесті. Ал түс қайта конкурсқа қатысушылардың жеребесі өтеді. Кешке қарай қаладағы «Шәмші әлемі» скверінде жергілікті әншілердің және ретрофестивальге келген қонақтардың орындауларындағы ән мен күйге кезек беріледі.
Ертең, 15 тамыз күні облыстық филармония үйінде екі турдан тұратын «Менің Қазақстаным» ән фестивалі қанат жаяды. Ол түске дейінгі және түстен кейінгі кезеңдер бойынша бөлінеді. Осы күні кешке фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен гала-концерт көрсетіледі.
Мұрат Айтқожа.