Иранның Хой қаласында жер сілкінді. Салдарынан 70-тен астам адам зардап шеккен. Қуаты 5,7 баллға тең зілзала Иран мен Түркия арасындағы шекаралық аймақта болған. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.
Жерасты дүмпуі Түркияның Ван провинциясына да әсер еткен. Сөйтіп, осы елдің 9 тұрғыны мерт болып, 40-қа жуық азаматы жарақат алған.
Айта кетейік, зілзала таңғы уақытта тіркелген. Оның эпицентрі Тебриз қаласынан батысқа қарай 141 шақырым жерде болыпты.