• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Ақпан, 2020

Nur Otan: Бауыржан Байбек Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

299 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Біріншіорынбасары Бауыржан Байбектің аймақтарға іс-сапары еліміздің Оңтүстік өңірлерінде жалғасынтапты. Әуелі жетекші партия Төрағасының Біріншіорынбасары Шымкент қаласына ат басынтіреп, қаладағы бірқатар проблемалық нысандардыаралады.  

Сапар барысында Бауыржан Қыдырғалиұлы қалатұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдап, қордаланған түйіткілдердің оңды шешім табуынтікелей партия бақылауына алатындығын жеткізді.

«Елбасы айтқандай, «Nur Otan» – нақты істердіңпартиясы. Сондықтан осы мәселені бақылаудаұстап, арнайы келіп, өздеріңізбен кездесіпотырмыз. Өздеріңіз көріп отырсыздар, компания бар, қаражат бөлінген, құрылыс жүріп жатыр. Бұлмәселе партияның бақылауына алынған. Бізбенбірге қала әкімінің өзі келіп отыр. «Жұмылакөтерген жүк жеңіл» деген. Бәрі заң шеңберіндешешіледі», деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, бүгін кезектен тыс өткенконференцияда қала әкімі Мұрат Әйтенов қалалықфилиал төрағасы болып сайланды.

 

 

Шымкент