Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф додасында күш сынасу құқығына ие болған 15 команда анықталды. Тағы бір жолдаманы бүгін Нижнекамскінің «Нефтехимигі» жеңіп алды.
Осылайша, Шығыс конференциясы бойынша бағы жанған барлық сегіз команда анықталды. Олар – «Ақ Барс» (Қазан), «Авангард» (Омбы), «Барыс», (Нұр-Сұлтан), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Сибирь» (Новосібір), «Салават Юлаев» (Уфа) және «Металлург» (Мангитогорск).
Ал Батыс конференциясында ЦСКА (Мәскеу), СКА (Санкт-Петербург), «Йокерит» (Хельсинки), «Динамо» (Мәскеу), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Ярославль) және «Витязь» (Подольск) плей-офф сайыстарына қатысады. Тағы бір жолдама үшін тартыс «Торпедо» (Төменгі Новгород) мен «Сочи» (Сочи) арасында өрбуде.
Ал Гагарин кубогы жолындағы жарыс 1 наурызда басталады.