Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылжымалы дәріхана жұмыс істей бастады.
Елімізде алғашқы болып ашылған медициналық бекет ауыл тұрғындарын арзандатылған бағамен босатылатын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.
Жылжымалы дәріхана белгіленген кесте бойынша аудандағы елді мекендерді аралап, қызмет көрсететін болады.
Бұрын алыс ауылдардың тұрғындары дәрі-дәрмек сатып алу үшін Ақтоғай ауданындағы орталық ауруханада орналасқан жалғыз стационарлық дәріханаға сабылатын. Енді дәріхана оларға өзі келетін болды.
Қарағанды облысы