• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2020

Қарағанды облысының медициналық мекемелері QR-кодтармен белгіленді

177 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында  сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан емханалар, орталықтар және ауруханалар QR-кодтармен белгіленді. Яғни бұл жерлерде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде қызметтер көрсетілетін болады.

Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев QR-кодтардың арқасында азаматтар әртүрлі байланыс арналарына жылдам қатынау мүмкіндігіне ие болатынын атап өтті.

– Сондай-ақ, медициналық сақтандыру, қолжетімді қызметтер мен өз құқықтары туралы қажетті ақпарат алу үшін Telegram және What'sApp- боттарымен байланыса алады, - деп түсіндік берді ол.

Қарағанды облысында QR-кодтармен белгіленген ұйымдар саны 120-дан асады. Бұл кодты ұялы телефон арқылы сканерлегенде бірден медициналық сақтандыру қорының сайтына өтуге болады.

 Қарағанды облысы