• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2020

Балабақша балдырғандары Абай шығармаларымен танысты

773 рет
көрсетілді

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Алматыда ұйымдыстырылған шаралардың қатарын төрт жасар бүлдіршіндер өткізген шағын кеш толықтырды.

Бұл игі бастамаға Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Аяла» балабақшасының ортаңғы «Жұлдыз» тобы да атсалысып, ашық оқу түрінде өткізді. Балабақшадағы шағын мереке оқумен ұштасып, балаларға ақынның балалық шағын, өскен ортасы туралы қызықты әңгімелер айтылды. Әжесі Зеренің тәрбиесінде болған Абайдың зерек те үлкен ойшыл, ұлтжанды қасиеттері әрбір өлеңімен ұштастырыла баяндалды. Топ тәрбиешісі Ақмарал Пернешқызы атап өткеніндей, кішкентай бүлдіршіндерге Абай мұрасын насихаттау, шығармаларын күнделікті сабақ барысында пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, бала Абайдың әжесі Зереден алған тәлім-тәрбиесі балаларға үлкен әсер қалдырды. Сондай-ақ, балалардың ақынның жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдерін жаттап өсуі олардың  есте сақтау қабілетін дамытып, мәнерлеп оқу мәдениетін байыта түсетіні анық. Ал ақын мұрасы –  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын рухани мол қазына.   

АЛМАТЫ