• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Ақпан, 2020

Қаржы пирамидалары мен ломбардтар қызметіне 2 мыңнан астам адам шағым түсірген

231 рет
көрсетілді

ҚР ІІМ мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның 13 өңірінде бұрын тіркелген «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард», «Выгодный займ» ЖШС бір уақытта өз қызметін бастаған. Қаржы кәсіпорындарының негізін қалаушы және басшылары Ақтөбе облысының тумалары. Олар аталған компаниялардың заңсыз қызметін ұйымдастырған.

Азаматтардың мүлкі мен ақшалай қаражатын алу схемасы кеңселерді жайластыру, қызметкерлер штатын жинау және кәсіпорындардың жалған директорларын тағайындап, өңірлік өкілдіктер ашу әрекеттерімен құрылған. Салымшылардың көп санын тарту үшін қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен кең жарнамалық науқан жүргізген.

«Whats App» мессенджерінде ЖШС басшылары чат құрып, оған барлық салымшылар кірген. Аталған ЖШС азаматтардан жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары құны бойынша бөліп-бөліп сатып алған, кейіннен 3-5 ай ішінде клиенттерге мәміле сомасының бір бөлігін төледі, ал осы уақытта қабылданған мүлікті үшінші тұлғаларға нарықтық құнынан төмен сатқан.

Бұдан басқа, аталған компаниялар өз клиенттерінен депозит ретінде ай сайынғы сомадан 30-дан 40%-ға дейін сыйақы төлеуге уәде бере отырып, салымдар қабылдаған. Барлық ақшалай қаражат бас офиске құйылатын.

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында серіктестіктердің басшылары өз қызметін бір уақытта тоқтатты және ұрланған ақшамен бой тасалаған. Сол күні әр аймақтардағы ішкі істер органдарына азаматтардан шағым түсіп, ІІМ Тергеу департаментінің және аймақтық полиция департаменттерінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған. Бүгінгі күні қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 2 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бүкіл республика бойынша компания кеңселерінде тінту жүргізілді, бірлескен қызмет туралы шарттар, бухгалтерлік құжаттама, ноутбуктер, оргтехникалар, зергерлік және басқа да бұйымдар алынды. Алынған құжаттарға қарағанда компаниялар 42 мыңнан астам адаммен шарт жасасқан. Алдын ала деректер бойынша келтірілген шығын мөлшері 5 миллиард 411 миллион теңгеге бағаланады. Аталған фактілер бойынша 190 (алаяқтық) және 217-бап (қаржы пирамидасы) негізінде 22 қылмыстық іс тіркелді. 13 адам қамауға алынды. Қазіргі кезде мемлекетаралық іздеудегі 9 күдікті анықталып отыр.

 

АЛМАТЫ