• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Ақпан, 2020

Мысырдың экс-президенті Хосни Мубарак көз жұмды

314 рет
көрсетілді

Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мубарак 91 жасында дүниеден өтті.

el-Watan басылымының мәліметіне сүйенсек, қаңтар айының соңында Хосни Мүбарак асқазан-ішек жолына ота жасатып, Каирдегі емханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатқан.

Хосни Мубарак 1981 жылдан бастап Мысырды отыз жылға жуық басқарды. 2011 жылдың ақпанында қарсылық шаралары көбейгендіктен Мүбарак қызметінен кетуге мәжбүр болды. Отставкадан кейін ол бірден қамауға алынды. Саясаткер өмірінің 6 жылын түрмеде өткізіп, бостандыққа 2017 жылы шықты.