Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлады.
«Кешеден бері қызуым көтерілді. Коронавирус жұқтырғанымды хабарлағым келеді. Алғашқы сараптама оң нәтиже көрсетті» деп мәлімдеді Ирадж Харирчи.
Сондай-ақ ол емделуді бастағанын және қызуының түсіп жатқанын айтты. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандар саны 15-ке жетіп, тағы 35 індет жұқтырған адам тіркелгенін хабарлады.