«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» болашақ баспаналарына қаражат жинап жүрген және тұрғын үй төлемдерін алатын 3000 қазақстандық әскерилер мен арнайы орган қызметкерлеріне СМС-хабарлама жіберілді. Онда «Әскери өнім» бағдарламасының келесі кезеңінің басталу мерзімі мен өтінім беру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қашан хабарласу керектігі жайында ақпарат көрсетілген.
Банктің Баспасөз мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылы «Әскери өнім» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру мақсатында 60 млрд теңге бөлінді. Банк әрбір клиент үшін уақыттың қымбат екендігін жақсы біледі. Осыған орай, Бағдарлама бойынша займ алатын үміткерлер тізімін тұрғын үй төлемдерін алушылардың жинаған сомасына және де өтінімді беру мерзіміне сай жасады.
Бұл тізімге 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін орташа несие сомасының - Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша 25 млн.теңге, ал қалған аймақтар бойынша 15 млн.теңге - 10%-49%-ын жинаған үміткерлер кіреді.
Жалпы алғанда тізімге шамамен 3 мың адам алынды. Ең алдымен 49% көлемінде қаражат жинағандар, ал одан кейін қаражат көлеміне сай ең көбінен ең төменгісіне дейінгі салымы бар үміткерлер іріктелді. Тізімнің басында тұрған азаматтар қазірдің өзінде несие алу үшін өтінім бере алады. СМС-хабарламада олардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қай мерзім ішінде бару керектігі көрсетілген. Ал, мерзімі кейінге қалдырылған үміткерлерге банк белгіленген уақытқа дейін бір ай қалғанда қосымша хабарлама жібереді. Бұл ақпаратты үміткер, сондай-ақ, интернет-банкингтегі Жеке кабинетінде де қарай алады.
Әскери қызметкерлердің өз уақытын дұрыс жоспарлап, қажетті құжаттарды дайындап үлгеруі үшін, әрбір үміткерге несие өтінімін жолдау мақсатында екі ай көлемінде уақыт беріледі. Мәселен, егер өтінім беру мерзімі ретінде сәуір айы көрсетілсе, онда үміткер несие алу үшін өтінімін 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 2020 жылдың 29 мамырына дейін тапсыра алады.
«Әскери өнім» бағдарламасы бойынша займ алу шарттары өзгертілмеді. Займ жаңа немесе қолданыстағы үйден пәтер алуға және оған жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ, үлестік қатысу келісімшарты бойынша беріледі. Бағдарлама талаптарына сай, бастапқы жарна мөлшері 15%-ды, займ бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 8%-ды, ал несиелендіру мерзімі – 25 жылға дейінгі уақытты құрайды.
Ал енді ең үнемшіл салымшылар үшін қажетті займ сомасының 50%-на дейінгі мөлшерде қаражат салу мүмкіндігі бар әскери қызметкерлер өздері қалаған уақыт ішінде жылдық 6% мөлшерлемемен займ ала алады. Займның бұл түрін банк белгілеген тізімнен тыс тұрғын үй төлемдерін алатын барлық салымшылар рәсімдей алады
Аталған өнімге деген сұраныс пен әскери қызметкерлердің өтінімдеріне байланысты «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» осы жылы аталған бағдарламаны кеңейту мүмкіндігін қарастыруға дайын.
АЛМАТЫ