Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі-Палата) жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерден ұжымдық өтініш келіп түсті. Барлығы 7 кәсіпкер жүгінді, оларға 160 мың теңгеден астам сомаға 21 ұйғарым жолданған, деп хабарлады баспасөз қызметі.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап автотасымалдаушылардың атына қоғамдық көлікке арналған жолдарда жүргені үшін айыппұлдар келіп түсе бастады.
Айта кету керек, барлық кәсіпкерлердің жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға лицензиялары бар.
Тасымалдаушылар ұсынылған талаптармен келіспеді. Алайда олар есеп айырысу шоттарын жабудан қорқып айыппұл төлеуге мәжбүр болған.Кәсіпкерлер уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінген, бірақ еш нәтиже болмаған. Сонымен қатар кәсіпкерлер әкімшілік полиция бөліміне сұрау жіберген, жіберілген мекемеден екі жауап алынды.
Алғашқы жауапта «тыйым салынған көлік құралдарына арналған жолдарда ... қозғалыс болмайды және осы жолда басқа көлік құралдарының тоқтауына болмайды» және «қоғамдық жолда жүруге рұқсаттар мен құжаттар беру заңда көзделмеген» делінген.
Нәтижесінде екі қарама-қайшылықты жауап пайда болды. Тасымалдаушы автобустың нөмірлері базаларға енгізілмеген және айыппұлдар жойылған жоқ.
Мәселені зерделей отырып, Палата сарапшылары Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының ұсынған түсініктемелерімен пен келіп түскен нұсқамаларды заңсыз, негізсіз, бизнеске әкімшілік қысым көрсететін және әкімшілік тосқауыл болып табылады деп санайды.
Мәселе 2019 жылдың 19 желтоқсанда уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен Алматы қаласы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізілді. Нәтижесінде мәселені шешу үшін ұсыныстар қабылдау керектігі туралы резолюция қабылданды.Айта кету керек, Нұр-сұлтан қаласында да қоғамдық көлікке арналған жолдар бар, оларды тұрақты емес тасымалдаушылар заңды түрде пайдалана алады. Осыған орай 21 қаңтар күні Палата алаңында осы мәселені шешу үшін жұмыс тобының отырысы өтті, онда уәкілетті орталық және аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері бейне байланыс арқылы байланыс орнатып, тәжірибелерімен бөлісіп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді.
Бас прокуратура мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2020 жылға арналған ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын басшылыққа ала отырып және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы хаттамасының шешімін орындау мақсатында, Палата Алматы қаласының прокуратурасына уәкілетті мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін жан-жақты зерделеу бойынша жұмыс жүргізу және жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен хат жолдады.
Прокуратура Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының атына осы айыппұлды төлеген кәсіпкер (Дмитрий Маремуха жеке кәсіпкер) мүддесіне наразылық білдірген.
Сот прокурордың наразылығын толық қанағаттандырды және қылмыс құрамының болмауына байланысты кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сондай-ақ ІІМ Әкімшілік полиция комитеті «Атамекен» ҰКП сауалына жауап ретінде: «егер тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келсе, ол маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен қозғалысты жүзеге асыруға құқылы», деп хабарлады.
Нәтижесінде автотасымалдаушыларға қатысты айыппұлдар жойылады және оларға қоғамдық көлік үшін жолдарды пайдалануға рұқсат етіледі.