Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Словакия Президенті Иван Гашпаровичпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қызметтестікті дамыту мәселелері талқыланды.
И.Гашпарович Словакияның Қазақстанмен энергетика, құрылыс индустриясы, мәшине жасау, жеңіл өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы қызметтестікке мүдделі екенін білдірді.
Кездесу соңында К.Мәсімов пен И.Гашпарович Қазақстан мен Словакияның арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың одан әрі де дами беретініне сенім білдірді.