ҰИА және академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты ұйымдастырушылары биыл 29 ақпанда «Ғылым ордасы» ғимаратында «Механика туралы ғылым: әл-Фарабиден осы күндерге дейін» атты республикалық ғылыми семинар өткізеді. Ғылыми семинар көрнекті ғалым-механик, ҰҒА академигі Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 89 жасқа толу қарсаңында өткізіледі.
Әл-Фарабидың ізбасарларының бірден-бірі, заманауи қазақстандық механика ғылымын жалғастырушы көрнекті ғалым-механик, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстанда жоғарғы классты машиналар мен механизмдердің теориясының негізін қалаушы – Өмірбек Жолдасбеков. Ө.А.Жолдасбековтың механика саласындағы мұрасы әлемдік деңгейде баламасы жоқ жүк көтергіш және манипуляторлық құрылғылар жобалауда негіз болды.
Академик Ө.А.Жолдасбековтың еңбектерін дамыту негізінде көтергіші бар шағын роботтар, жаңа үлгідегі баспақ-автоматтар, ретнтгенофлуоресцентті энергодиспесионды аспап, т.б. жасалып, республиканың энергетика, машинақұрушы салалар, медицина, робототехника, отын өнеркәсібінде және басқада салаларда сұраныста.
Аталған іс-шараға жоғарғы оқу мекемелерінің, Ұлттық ғылым академиясының, Ұлттық инженерлер академиясының және профилді ғылыми ұйымдардың директорлары, машина жасаушы салалардың өкілдері, т.б. қатысады.
АЛМАТЫ