• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Ақпан, 2020

Коронавирус: Әлемдегі ахуалға шолу

353 рет
көрсетілді

Коронавирус індеті Қытайдан басқа аумақтарға да таралып жатыр. 27 ақпандағы жағдай бойынша вирус 48 елге жетсе, аурудың 82 мыңға жуық жағдайы расталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір күн бұрын мәлімдегендей, вирус Қытайға қарағанда басқа елдерде тез таралады.

Өткен тәулікте Италиядағы жағдайлардың саны үштен бірге өсіп, қазіргі уақытта жұқтырғандар саны 453 адамды құрайды. Сақтық шарасы ретінде Сауд Арабиясы қажылардың Меккеге кіруіне уақытша тыйым салды.

Жалпы әлемде вирус жұқтырған 2 804 адам қайтыс болды.

Италиядағы жағдайдың ушығуына ауруханалар кінәлі ме?

Дертке шалдыққандардың басым көпшілігі – Италияның солтүстігіндегі өнеркәсіптік аймақтарда, оның ішінде астанасы Милан және Ломбардияда тіркелген. Аурудың көп тіркелуі бойынша екінші орында - Венеция және осы қаланы қоршаған аудан тұр. Соңғы тәулік ішінде Италиядағы ауырғандардың саны күрт өсіп, сейсенбі күні кешке 323 вирустың тасымалдаушысы анықталса, 12 адам қайтыс болып, үшеуі емделді.Ел Үкіметі аурудың таралуын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтады.

Елдегі мектептер, университеттер мен кинотеатрлар жабылып, бірнеше қоғамдық шара тоқтатылды. Жалпы саны 55 мың адамнан тұратын бірнеше қала карантинге жабылды. Көпшілік коронавирустың өршуі Италия экономикасының құлдырауына алып келуі мүмкін деп үрейленеді.

Италия прокуратурасы Ломбардиядағы ауруханаларды тексеруді бастады. Бұған дейін БАҚ беттерінде ауруханалардың бірінде «супер-дистрибьютор» болып шыққан науқасты тексеруге сүйрегені туралы хабарламалар пайда болды. Бұлай деп вирусты басқаларға қарағанда көп адамға жұқтыратын пациенттерді атайды. Бұл жағдайдан кейін Премьер-Министр Джузеппе Конте қызметкерлерінің жауапсыздығы үшін аурухана жұмысын сынға алды.

BBC.com хабарлағандай, Кодоньо қаласындағы 150-ден аса науқастың вирус жұқтыруына 38 жастағы Маттиа есімді ер азаматты айыптайды.  Ер адам қала ауруханасына жатқызылғанға дейін өзінің жүкті әйелі мен досына және барға келген үш қарт адамға жұқтырған, сонымен қатар, жартылай марафонда жүгіріп, футбол ойнаған деген дерек бар. Ресми мәліметтер бойынша, Маттиа есімді азаматқа вирус Қытайдан келген кеме иесінен жұққан. Билік басқа мәліметтерді әзірге жариялаған жоқ.

Басқа елдердегі ахуал қандай?

Америка Құрама Штаттары мен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларды белгісіз мерзімге кейінге қалдырды. Оңтүстік Кореяда 334 жаңа жағдай тіркелген. Сауд Арабиясы сақтық шарасы ретінде шетелдік қажылардың мұсылмандық қасиетті Мекке және Медина қалаларына кіруін уақытша тоқтатады. Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлігі сонымен бірге вирус қаупі бар елдерден келген туристердің елге кіруіне уақытша тыйым салатынын мәлімдеді. Иракта көпшілік іс-шараларға тыйым салынып, мектептер, университеттер мен демалыс орындары жабылды. Осындай іс-шаралар Кувейт пен Бахрейнде ауру жағдайлары анықталғаннан кейін енгізілген. Қытайда сәрсенбі күні коронавирустан 29 адам қайтыс болды - бұл қаңтар айының аяғындағы ең аз құрбан болғандар. Бір күн бұрын 52 адам қайтыс болды. Англияда инфекцияның тағы екі жағдайы тіркелді - Ұлыбританияда барлығы 15 науқас бар. Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ бейсенбі күні ел үкіметінің барлық орта және бастауыш мектептерді көктемгі демалыс аяқталғанға дейін, яғни наурыз айының соңына дейін жабу туралы ұсыныс жасайтынын хабарлады.

 

Коронавирустың таралу хронологиясы:

31 желтоқсан: Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухандағы ерекше пневмонияның бірнеше жағдайы туралы ескертеді.

7 қаңтар: Қытай билігі коронавирустың жаңа түрін анықтады.

13 қаңтар: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тыс жерлердегі алғаш тіркелген Тайландтағы жағдай туралы хабарлады.

30 қаңтар: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық төтенше жағдай басталды деп хабарлайды. Қытайда өлім саны 170-ке жетті.

2 ақпан: Филлиппинде Ухан азаматының вирустан көз жұмғанын хабарлайды.

7 ақпан: Коронавирус туралы ескертпек болған дәрігер қайтыс болады.

15 ақпан: Қытайлық турист Франция аумағында аурудан көз жұмады, бұл Еуропа аумағында тіркелген бірінші өлім дерегі.

11 ақпан: ДДСҰ жаһанға жайылған вирусқа Covid-19 атауын береді.

19 ақпан: Таяу Шығыс аумағында вирусқа шалдыққан бірінші адам өлімі тіркелді.

26 ақпан: Әлем бойынша қайтыс болғандар саны 2800-ге жетті. Жалпы дертке шалдыққандар саны – 80 мыңдай. Сонымен қатар, Бразилия Латын Америкасындағы алғашқы жағдайды растайды.