Түркияның Қорғаныс министрлігі бірнеше аудандарға соққы жасау барысында сириялық үкімет армиясының 56 әскери қызметкері қаза болғанын хабарлады.
Әскери ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, Алеппо маңындағы химиялық кәсіпорынға, сондай-ақ сириялық сарбаздардың жиналатын орындарына соққы жасалған. Белгілі болғандай, әуе соққылары салдарынан 8 танк, 4 бронды көлік, 2 реактивті атыс қондырғысы және 5 гаубица жойылды.
Сонымен қатар артиллерия мен авиация соққысы кезінде «Панцирь С1» және «Бук» зениттік кешендері жойылды.
Сириядағы жағдай Түркияның Идлиб провинциясындағы оппозиция жасақтарын қабылдаған шабуылынан кейін шиеленісіп кетті. Сириялық авиацияның әуе соққысы кезінде 33 түрік әскери қызметшісі қаза тапты.