• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 29 Ақпан, 2020

«Механика туралы ғылым: әл-Фарабиден бүгінге дейін» республикалық ғылыми семинары өтті

289 рет
көрсетілді

«Ғылым ордасы»  ғимаратында  Алғыс айту күні және көрнекті  ғалым-механик, ҚР ҰҒА академигі Өмірбек Жолдасбековтың туғанына 89 жыл толуына орай ҚР ҰИА және  академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы  механика және машинатану институтының ұйымдастыруымен «Механика туралы ғылым: әл-Фарабиден бүгінге дейін» республикалық ғылыми семинары өтті.

Ғылыми семинар модераторы ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі, ҚР  ҰИА  Президенті Бақытжан Жұмағұлов  шараның маңыздылығына тоқталып,  «Әбу Насыр әл-Фарабидей ұлы данышпанның бай мұрасын жан-жақты талдап, сарқа тану қиын. Өйткені, оның шығармашылығы сан-салалы. Өзін атақты философ, дарынды математик, кемеңгер ойшыл ретінде таныта білген жерлесіміз ғылымға шын беріліп, асқан жігері мен күш-қайратын жұмсап, еңбектенгені белгілі. Ал әл-Фарабидіңдарынды ізбасарларының бірден-бірі, жоғары классты машиналар мен механизмдер теориясының негізін қалаушы Өмірбек Жолдасбековтың ғалымның механика саласындағы мұрасы әлемдік деңгейде баламасы жоқ жүк көтергіш және манипуляторлық құрылғылар жобалауға негіз болды» деп атап өтті. Б.Жұмағұловсонымен қатар механик ғалым, профессор ҚР Ұлттық инженерлік академияның академигі және Халықаралық инженерлік академияның акдемигі, 1995-1997, 2010-2016 жылдарда Механика және машинатану институтының бас директоры болған Скандарбек Жолдасбековтың ғылымға қосқан еселі еңбегі жайында кеңінен баяндады.

«Әбу Насыр әл-Фараби – өз уақытының білімін жүйелеуге ұмтылған, әлемге танымал тұлға, ғылым реформаторы. «Математикалық трактаттары» кітәбі математикалық ғылымды дамытуға  үлкен әсер етті. Бұл  әл-Фараби шығармашылығын кеңінен  ашып,  оның өз дәуірінің ірі математигі бейнесін сомдайды. Бұл трактатта әл-Фараби сол уақыттағы ғылымдардың ретін көрсеткен, олардың зерттеу мәндерін анықтаған және механика туралы ғылымның  әл-Фараби өзінің ұстазы ретінде санаған Архимед дәуірінен бастап туындағанын айтады.

Аталған ұлы ғалымдардың ғылыми мұраларын сақтау барысында, бүгінде қатты денелер және тұтас орталар механикасы, дірілменсоққылау  және  жаңа бейімделгіш машиналар жасау, робототехникалық және  зияткерлік жүйелер, САПР жүйесі, механизмдерді талдау және синтездеудің бағдарламалық комплекстері бойынша Қазақстан экономикасы ғылыми-практикалық мәселелерін іске асыруда біршама жұмыстар атқарылуда. Өндірісті автоматтандыру және  цифралық технологиялардың озық жетістіктерін игеру және  іске асыруда машина жасаушы кәсіпорындармен бірге жұмыс атқарылуда. Академик Ө.А.Жолдасбековтың еңбектерін дамыту негізінде көтергіші бар шағын роботтар,  жаңа үлгідегі  баспақ-автоматтар, иінтіректі дірілсоққыштар, шағын  қадамдаушы робот және экзоскелеттер, ретнтгенофлуоресцентті энергодиспесионды аспап,  көлденең инновациялық элеватор және т.б. жасалды. Бұл жасамалар Қазақстан Республикасы  энергетика, машинақұрушы салалар, медицина, робототехника, отын өнеркәсібінде және  басқада салаларда сұраныста.

Семинарда сонымен қатар химия ғылымдарының докторы, профессор, академик Н.Надиров, техника ғылымдарының докторы, пофессор, академик Г.Уалиев, ҚР ҰИА және ХИА академигі, Академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының бас директоры  А.Төлешов,ҚР  ЦДҚАӨМ министр кеңесшісі,  ҚР ҰҒА академигі М.Молдабеков, ҚР ҮИА корреспондет мүшесі А.Жомартов, профессор А.Сейдахмет, т.ғ.д.,профессор С.Ибраев, т.ғ.д.,профессор Е.Темірбеков, т.ғ.к. доцент Н.Жамалов, т.ғ.д., т.б. академик Ө.А.Жолдасбековтың  танымал шәкірттері баяндама жасап, ғалымның ізгі істері жайында пікірлерін білдірді.