• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Наурыз, 2020

Бүгін - Қазақстанда алғыс айту күні

268 рет
көрсетілді

Бүгін наурыздың бірінші күні Қазақстан халқы Алғыс айту күні мерекесін атап өтуде.

2015 жылдың 15 қаңтарында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлыққа өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Жарлығына қол қойды. Оған сәйкес, 1 наурыз - Алғыс айту күні болып бекітілді.

1995 жылдың 1 наурызы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. 2015 жылы Ассамблеяның 20 жылдығы кезінде Елбасы бұл күнді Алғыс айту күні деп жариялауды ұсынды. Осылайша, елдегі барлық этностардың өкілдері бір-біріне және қазақтарға алғыс айта алады.