• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Наурыз, 2020

Қаңтар айында қазақстандықтар интернетте 1,2 трлн теңге жұмсаған

175 рет
көрсетілді

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдау орталығы биылғы, яғни 2020 жылғы 01 ақпандағы жағдай бойынша карточкалар арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға жасалған шолуды ұсынды.

2020 жылдың қаңтарында Қазақстан аумағында жасалған қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдер көлемі 1 586,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге артты. Желтоқсанға қарағанда төмендеу 17%-ды құрады, бәлкім, бұл маусымдық фактордың әсерімен және ұзақ жаңа жылдық мерекелерге байланысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында карточкалар бойынша төлемдердің жалпы көлеміндегі Алматы қаласының үлесі өзгерген жоқ және 35%-ды құрады. Одан әрі Нұр-сұлтан қаласы – 17% (-1%), Түркістан облысы және Шымкент қаласы – 7% (+1%).

Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы қаңтарда 123%-дан 139%-ға дейін өсті, бұл қолма-қол ақшасыз төлемнің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алудан басым болуының тұрақты үрдісі екенін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында бұл көрсеткіш 48%-ды құрады. Бұл жағдайда операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем және банкоматтардан алу) 55%-дан 58%-ға дейін өсті.

2019 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда, қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі барлық өңірлерде төмендеген. Алайда, қолма-қол ақшасыз төлемдер жылдық есеппен айтарлықтай өсімді көрсетеді. Ең үлкен өсім Қызылорда облысында, Түркістан облысында және Шымкентте, Ақтөбе облысында байқалады.