• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Наурыз, 2020

«Барыс» ресейлік «Металлург» хоккей клубын 4:0 есебімен ұтты

122 рет
көрсетілді

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысында Ресейдің «Металлург» командасымен алғашқы кездесуін өткізді.

«Барыс» плей-офф сатысын жеңіспен бастады. Ойында елордалық хоккей клубы 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, енді екі команда 3 наурызда елордада тағы бір ойын өткізеді. Сондай-ақ 5 және 7 наурыз күндері екі матч Магнитогорск қаласында болады.