Алматыда фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңінің кезекті жарыс күні аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Параллель могул бойынша өткен сайыста Дмитрий Рейхард төртінші орынға жайғасты.
Ал Павел Колмаков 15-ші орыннан көрінді. Жарыс нәтижесі бойынша жапониялық Икума Хоришима жеңімпаз атанды.
Канадалық Микаэл Кингсбери күміске қол жеткізге, Лорен Дюма қоланы қанағат тұтты.