• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Наурыз, 2020

Коронавирус: Иран азаматтарының Қазақстанға кіруіне тыйым салынды

183 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, Қытаймен тұрақты рейстер, теміржол және автомобиль жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Бүгінге дейін Қытайдан 480 қазақстандық эвакуацияланды.

«Бүгінгі таңда Қытайдан 480 қазақстандық эвакуацияланды. 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап Қытайдағы барлық шетелдік азаматтарға виза беру тоқтатылды. 5 наурыздан бастап Әзербайжанға ұшатын  рейстер қысқарып, Иран азаматтарының Қазақстанға кіруіне тыйым салынды. Біздің азаматтарға эпидемиологиялық қаупі жоғары елдерге барудан бас тартуға кеңес беріледі », - деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл елдерде 95 мыңнан астам Қазақстан азаматтары тұрады, олардың 35 мыңы - Кореяда, 40 мыңы - Америкада, 5100 – БАӘ-де, 5000 - Германияда, 3000 - Ұлыбританияда, 1800 - Италияда, 1000 адам Францияда.

«Олардың көпшілігі студенттер, мигранттар, шетелдік мекемелердің қызметкерлері және олардың отбасылары, туристер мен бизнесмендер. Егер эпидемиологиялық жағдай нашарласа, қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесі уақытында қаралады. Бүгінгі таңда шетелде жүрген қазақстандықтардың арасында коронавирус ауруы тіркелген жоқ», - деді Сыртқы істер министрі.