• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Наурыз, 2020

Дарынды Дархан, үздік Ұлан

360 рет
көрсетілді

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушылары Ұлан Талғатов пен Дархан Оралхановтар «Ұлы даланың – Ұлы Абайы» атты республикалық балалар өнер байқауында 1-ші орынды жеңіп алды, деп хабарлады аталмыш мектептің баспасөз қызметі.

«Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми - әдістемелік журналы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырған доданың «Аспапта ойнау» аталымында Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйін шәкірттеріміз екі дауыста орындап шықты.

-Дәстүрлі байқау балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, 7 жанр бойынша өткізілді. Ұлан мен Дархан мектебіміздегі талантты шәкірттердің қатарынан. Бір атап өтерлігі – олардың екеуі де домбырада ойнауды білмейтін. Азғана уақыттың ішінде бірнеше күйді үйреніп, тіптен байқауларға қатысатын дәрежеге жетті. Осының барлығы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі желілік «100 күй» жобасының жемісі, - дейді домбыра үйірмесінің мұғалімі Мадияр Аширов.

Байқаудың 1-ші орын жүлдесін жеңіп алып, лауреат атанған қос домбырашы бұнымен тоқтамақ емес. Енді олар Алматы қаласында мамыр айында өтетін өнер бәйгесінің ақтық кезеңіне қатысып, бақтарын сынамақ.

 

Семей