• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 03 Наурыз, 2020

Түркістан: 104 жастағы ана ұзақ өмір сүрудің сырын айтты

577 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданында тіркелген 314 ерікті 9 топқа бөлініп сауапты іске белсене араласып жүр. Күні кеше еріктілер аудандағы қарияларға құрмет көрсетті.

Көктемнің алғашқы күнінде жастар ғасыр жасаған ардақты ананы құрметтеп, саналы ұрпақ тәрбиесіне, елдің, өңірдің дамуына сіңірген еңбегі, өнегелі өмірі үшін алғыс айтты. Шәмбек Рахманова 1916 жылы Ордабасы ауданында дүниеге келген. Саналы ғұмырын ауылшаруашылығы саласына арнаған.  Мақта өсіру ісінде еңбек озаты болған. Бұл күнде ұл-қыздарынан 29 немере, 65 шөбере, 15 шөпшек сүйіп отыр.

Еріктілер гүл шоғын сыйлап, көктем мерекесімен  құттықтаған әженің  әңгімесі мен қимылы ширақ. Ғасыр, яғни 104 жыл жасаған ана ұзақ өмір сүрудің сыры еңбекте, дейді. Абыз ана өзін ізгі ниетпен іздеп келгендерге: «Жастарың жүзге келе берсін, ұрпақтарың 1000 - ға жетсін, күнде үйлеріңде той болсын, аман болыңдар шырақтарым!», деп ағынан жарыла ақ батасын берді.

 

 

Түркістан облысы