• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Наурыз, 2020

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмаған - СІМ

106 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны жөніндегі ақпаратқа қатысты түсінік берді.

«Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай да ресми хабарлама келіп түспеген. Біздің дипломаттар кореялық әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың нақтылығын анықтауда» делінген хабарламада.