Дзюдодан Рабатта (Марокко) өтуі тиіс болған әлемдік Гран-при кезеңі өтпейтін болды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес рейтингілік турнир 6-8 наурыз күндері өтуі тиіс еді.
Марокко үкіметі коронавирус эпидемиясының таралуының алдын алу мақсатында елде болатын барлық қоғамдық іс-шаралар мен спорттық шараларды уақытша тоқтатты. Аталған додаға қатысу үшін әлемнің 94 елінен 561 дзюдошы тіркелген болатын.