• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Руханият 04 Наурыз, 2020

Жылы жүректі тәртіп сақшылары

432 рет
көрсетілді

Солтүстік қазақстандық полицейлер көктемгі қайырымдылық іс-шараларын бастады. Олар «Жылулық сыйла» ұранымен облыстың әр ауданындағы көп балалы отбасыларға, ардагерлерге, балалар үйінің тәрибеленушілеріне барып, құрмет көрсетуде.

Соның ішінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Петропавлдағы балалар орталығының балаларына келді. Сақшылар құр қол келмей, жол белгілері салынған торт, түрлі ойыншықтар, сабын көпіршігі шоуын ұйымдастырып, аниматорларды шақырды. Осы батальонның командирі, полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев балалар мен тәрбиешілердің қатты рза болғанын айтты. Балалар полицейлерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға уәде беіпті.

Ал жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері отбасында алты бала тәрбиеленетін шаңыраққа барып, түрлі көмектер жасаған. Бұл үйдің балаларының үлкені колледжде оқыса, кішкентайы үш жаста ғана. Полицейлер оларға әкелген азық-түліктерін табыс етті. Олар балақайлармен әңгімелесіп, байланыс нөмірлерімен алмасты.

Қаланың шеткері аудандарында тұрып жатқан көп балалы отбасыларға әкімшілік полиция басқармасы мен жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері барды. Олар да жанұяларға азық-түліктер апарып, балаларға өздерінің байланыс нөмірлерін жазып берді.

Осындай жұмыстарты облыстың барлық аудандарындағы 13 полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізуде. Мәселен, Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды алып, Бескөл ауылындағы Гагарин көшесінде жалға алынған үйде тұрып жатқан отбасыға барды. Отбасы мүшелерінің баспанасы өртеніп кетіп, қиын материалдық жағдайға тап болған.

Халықпен тығыз жұмыс істейтіндіктен тәртіп сақшылары кей сәттері оларды қолдаудың аса қажет екенін жақсы түсінеді. Түрлі сыйлықтар беру, көңіл бөлу, жылы сөздер айту балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Полиция департаменті басшылығының тапсырмасы бойынша солтүстікқазақстандық полицейлер осындай қайырымдылық шараларын жыл сайын дәстүрлі түрде наурыз айында өткізіп келеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы