• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2020

ШҚО: Экологиядағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері талқыланды

426 рет
көрсетілді

Экология саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою шығыс өңірі үшін өте маңызды және өзекті тақырып.

3 наурызда ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Antikor Ortalygy» сервис орталығының алаңында облыстың экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелерін талқылау бойынша отырыс өткізді.

Отырысқа ШҚО бойынша экология департаментінің өкілдері, облыстық арнайы мониторинг тобының мүшелері, «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, облыс прокуратурасының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Отырыс барысында анықталған елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, рұқсат беру функцияларын талдау объектісінің жүзеге асыруын, әкімшілік өндірісті жүргізуді, талап-арыз жұмыстарын жүргізуді қозғайтын проблемалық мәселелер баяндалды.

Соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен ШҚО бойынша экология департаментінің өкілдері анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарын талқылады.