• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2020

Қазақстан Елшісі Эстонияның экс-Президентімен кездесті

143 рет
көрсетілді

2020 жылғы 4 наурызда Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының экс-Президенті (2001-2006 жж.), Эстония Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы (1990-1992 жж.) А.Рюйтелмен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында А.Рюйтель Кеңес Одағы кезіндегі және екі елдің тәуелсіздігінің алғашқы қиын жылдарындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевпен болған кездесулерін жылы еске алып, қазіргі Қазақстанның жетістіктері мен беделін атап өтті.

Елші сұхбаттасушыны Қазақстандағы болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етіп, қазақстан-эстония қатынастарын дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Әңгіме соңында А.Рюйтель Елбасына, ел басшылығына және бүкіл қазақ халқына ізгі тілектерін жеткізді, біздің мемлекеттеріміздің екіжақты ынтымақтастығы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.