• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

Азиада: теннисшілер жарысты жақсы бастады

307 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисшілер Қытайдың Нанжин қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ІІ Жазғы Азия ойындарын жақсы бастады. Бұл туралы EgemenNews тілшісі шетелдік БАҚ-тар дерегіне сүйеніп хабарлады.

Азиаданың алғашқы күні «Team Kazakhstan» командасының өкілдері Дмитрий Попко сириялық Карем Алалафты 6:1,6:2 есебімен ұтса, Роман Хасанов катарлық Абдулла Алмахмоудтан  6:4, 6:0 есебімен басым түсті.

Бүгін «Team Kazakhstan» командасының тағы бір мүшелері Әсия Дайыр мен Анастасия Епишева ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады. Жұптық жарыста Әсия мен Дмитрий Попкомен қытайлық Вонг Чонг мен Юн Хей Лиге қарсы ойнайды. Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары алғаш рет 2009 жылы Сингапурде өткен болатын. Содан бері ол Азия олимпиялық кеңесінің туы астында төрт жылда бір рет өтіп келеді.

Биылғы Азиаданың бағдарламасында теннистен басқа споттың 16 түрі қамтылған. Оған 45 елдің өкілдері қатысуда.

Дастан Кенжалин.