• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Наурыз, 2020

Халық қалаулысымен кездесу өтті

154 рет
көрсетілді

«Ұстаздар үйінде» белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Президент сыйлығының лауреаты, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қ.Сәрсенбаймен кездесу ұйымдастырылды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Раиса Садвакасова, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Халитова Ильдана Ильдархановна қарсы алды. Институт табалдырығын аттаған «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы жаңалықтармен танысуды курс өтіп жатқан аудиториялардан бастады. Мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тренер Гүлбала Кеніштайқызының және педагогика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Арзиева Алия Тоқтамысқызының сабақтарына қатысып, курс тыңдаушыларымен тілдесті. Мұғалімдер сөз кезегінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға бағытталған жаңа бағдарлама, жаңа әдістер туралы өз пікірлерімен бөлісіп, курстың мазмұны мен маңызының жоғары екендігін баяндады.

Халық қалаулысы Монтессори кабинетін, STEM зертханасын, робототехника курстары өткізілетін, бейне және аудиожазбаға арналған мультимедиялық зертхананы топтастыратын Maker Space Zone оқу кеңістігін аралап, заманауи жабдықтармен, кітапханадағы автоматтандырылған ақпараттық  «КАБИС» бағдарламасы арқылы жасалған электрондық мәліметтер базасымен танысты.

Қазақстан мұғалімдерінің үздіксіз білім беру тарихының айнасы іспетті мұражайда болып,  естелік кітапшасына пікір-тілегін  жазды.

Алматы қаласындағы «Ұстаздар үйі» биыл 60 жылдығын атап өтуге әзірлік үстінде. Жарты ғасырдан астам тарихы бар мекеме қабырғасындағы заманауи талаптарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар, оң өзгеріс, игі бастамалармен танысқан депутат институт қызметкерлерімен ашық диалог аясында білім беру жүйесін дамытуға  қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

 

АЛМАТЫ