Жыл сайын 5-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі байқауға облыс орталығындағы қазақ және орыс мектептерінде оқитын алпысқа тарта талапкер қатысты.
Екі күнге созылған білім сайысының алғашқы кезеңі «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» деп аталады. Бұл аталым бойынша білімпаз балалар Абай мен Шәкәрім шығармаларын мәнерлеп оқудан жарысты. Ал «Көңілім әнді ұғады» номинациясында Абай мен Шәкәрімнің ән-күйлерін орындаушылар бақ сынасты. Мүшәйра түрінде өткен «Жүйріктен жүйрік озар» сайысында талапкер ақындардың төл өлеңдері оқылды.
- Бастысы, балалар Абай аталары жайлы көп ізденіп, тереңірек біле түсс екен дейміз. Бұл кезеңде озып шыққан оқушылар облыстық байқауға жолдама алады. Байқауда жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын берумен ғана шектеліп келеміз. Келешекте «Абай оқуларының» республикалық деңгейдегі жеңімпаздарына атаулы стипендиялар мен оқу гранттары бөлінсе игі болар еді, - дейді қалалық білім бөлімінің маманы Жанар Дүйсембаева.
Қостанай