• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 06 Наурыз, 2020

Түркістанда мемлекеттік қызметкерлер баспаналы болды

287 рет
көрсетілді

Түркістан қаласының «Отырар» ықшам ауданында 336 пәтерлі 5 қабатты 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал мереке қарсаңында қызмет бабымен облыс орталығына қоныс аударған мемлекеттік қызметкерлер, яғни  15 отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан қалада жыл соңына дейін 7 қабатты 24 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 1452 пәтер иелері қоныс тойын тойлайтын болады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандықтардың қуанышына ортақтасып, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында баспаналы болған нәзік жандарға пәтер кілттерін табыс етті.

Бұл күні құқық қорғау саласының өкілдері, әскери қызметшілер, денсаулық, білім, мәдениет, әлеуметтік сала қызметкерлері, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар жаңа қоныс иелері атанды. Өңір басшысы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтап, әр отбасыға баянды бақыт тіледі. «Облыс көлемінде әрбір мереке қарсаңында жаңа нысандарды пайдалануға беру, халыққа пәтер кілтін табыстау секілді игі шаралар дәстүрге айналды. Мемлекет қамқорлығының арқасында, бүгін де қаншама шаңырақ шаттыққа бөленіп отыр. Қызмет бабымен жаңа облыс орталығына көшіп келіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген өздеріңізге ықыласымыз ерекше. Баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, жаңа баспана сіздерге бақыт әкелсін деп тілеймін», деді облыс әкімі. 

Сондай-ақ Өмірзақ Естайұлы жаңа қоныс иелерінің шаңырағында болып, дастарханнан дәм татты.

 

 

 

Түркістан облысы