Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан Gee Bee халықаралық турнирі аяқталуға жақын. Төрт қазақстандық боксшы жарыстың финалында жұдырықтасады деп хабарлайды Olympic.kz.
Ал 91 келідегі Нұрлан Сапарбай тағы бір фин спортшысы Данил Рантаненді жеңіп, финалға жолдама алды. Аса ауыр салмақта сынға түсіп жатқан Сағындық Тоғамбай жартылай финалда ресейлік Иван Сагайдакты жеңді.
Бек Нұрмағанбет (81 келі) пен Ділмұрат Мижитов (63 келі) қола жүлдегерлер қатарында.