• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Экономика 10 Наурыз, 2020

Ерболат Досаев инфляцияның жылдам жүру себебін түсіндірді

219 рет
көрсетілді

Биыл ақпан айында инфляция 0,6 процент болды. Жылдық мәнде ол 6 процентке дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.

«Негізгі үрдіс азық-түлік тауарлары бағасы өсуінен 8,6 процентке дейін баяулау болды. Инфляцияның жылдамдауы азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің тиісінше 5,4 процентке және 3,2 процентке дейін қымбаттауынан орын алды. Осы жылғы ақпанның басым бөлігінде шетел валютасының әкелінуі, экспорттаушылардың валюталық түсімді сатуы мен түсімге кепілдік берілген трансферттер үшін Ұлттық қордың валюталық активтерін конвертациялау аясында нығая түсті» деді Ерболат Досаев.