• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Наурыз, 2020

Қазақстанда республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылады

303 рет
көрсетілді

Қазақстанда республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Сыртқы факторларға байланысты қалыптасып отырған экономикалық жағдайда мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданылады. Бірінші кезекте республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылатын болады», - деді Әлихан Смаиылов.

Министрдің айтуынша біріншіден, бюджет қаражатының есебінен қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алу, семинарлар, форумдарды өткізу және басқа да имидждік шаралар оңтайландырылмақ.

«Осы бағыттар бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік органдар мен өңірлердің, квазимемлекеттік субъектілердің тиісті қадамдық әрекеттерінің Жол картасы бекітілді. Екіншіден, кейінгі мерзімге қалдыруға болатын ағымдағы жағдайдағы басымды емес шығыстар, жобалар мен шаралар және де жаңа жобалар, олардың ішіндегі кейінге қалдыру шартымен бюджетте қарастырылған жобалар. Сонымен қатар барлық әлеуметтік міндеттердің толық орындалуы қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, инфляцияның коридорының қайта қарастырылуын ескере отырып – пенсия, жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектерді индексациялау үшін шаралар қабылданады», - деді ол.