• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2020

Оралда мас бұзақы полицияны жарақаттады

269 рет
көрсетілді

Орал қаласында полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған бұзақы тұтқындалды.

Наурыздың 10-ы күні Орал қалалық полиция басқармасының кезекші операторына хабарласқан әйел күйеуінен жәбір көріп жатқанын айтып, көмек сұраған екен. Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция инспекторы Қайрат Тұрсынғалиев қарулы қарсылыққа тап болған. 1983 жылы туған ер адам ас үй пышағымен полиция аға лейтенантына пышақ ала жүгіріп, иық тұсынан жарақаттаған. Әйтсе де полиция қызметкерлері бұзақының қолына кісен салып үлгерді.

Сараптама бұзақының «жеңіл дәрежедегі мас күйде» болғанын көрсетті.

Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Батыс Қазақстан