• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Бокс 11 Наурыз, 2020

Бокс: Әбілхан Аманқұл күмісті қанағат тұтты

985 рет
көрсетілді

Амманда бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталуға жақын. Өкінішке қарай, екінші қазақстандық боксшы ақтық сында сүрінді.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұл финалда филиппиндік Эумир Марсиальдан ұтылды. Тәжірибелі филиппиндік спортшы үш раунд бойы басымдық танытты. 

Тартысты өткен айқаста төрешілер филиппиндік боксшы отандасымыздан бір бас жоғары өнер көрсетті деп бағалады. Айта кетелік, Марсиаль былтырғы әлем чемпионатында Тұрсынбай Құлахметті де ұтқан болатын.