• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2020

Бейбітшілік сыйлығы тапсырылды

210 рет
көрсетілді

Исламды зерттеу институты Кеңесінің атынан (Пәкістан, Исламабад) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваға «Paigham-e Pakistan» 2020 сыйлығы табыс етілді.

Сыйлық Қазақстан қоғамындағы ұлт­тық ынтымақты, тұтастық пен әлеу­мет­тік әділдікті нығайтуға сіңірген ең­бе­гі үшін Дариға Назарбаеваға беріліп отыр.

«Бұл марапат дінаралық және өрке­ниетаралық диалогты ілгерілету ісін­дегі және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізудегі күш-жігері мойындалуының белгісі ретінде бері­леді», – делінген Исламды зерттеу инсти­туты Кеңесінің хатында.

Paigham-e-Pakistan – зорлық-зом­былыққа, экстремизм мен лаңкестікке қарсы пәтуа. Оны исламның бүкіл мектептеріндегі 5000-нан астам ға­лым қол қойып, қабылдаған болатын, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.