• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Наурыз, 2020

Елорда: Павлодар облысы жәрмеңкеге 40 тоннадан астам өнім әкеледі

154 рет
көрсетілді

14-15 наурызда «Аспан базар» сауда үйінде Павлодар, Екібастұз қалалары мен Май ауданының ауылшаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Павлодарлық кәсіпкерлер жәрмеңкеге 40 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін алып келеді.

Республикада және шетелде танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сүт» АҚ, «Кренделъ» ЖШС брендтері және басқа да кәсіпорындар елорда тұрғындарына қолжетімді бағамен азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген түрлерін ұсынатын болады.

Жәрмеңкеде картоп, пияз, сәбіз - 85 теңгеден, қырыққабат - 100 теңгеден, сиыр еті - 1800 теңгеден сатылады» делінген хабарламада.