Коронавирус жұқтырған науқас ұшып келген Мәскеу-Нұр-Сұлтан рейсіндегі 35 жолаушы өңірлерге кеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сауле Кисикова мәлімдеді.
«12 наурыз күні коронавирус анықталған науқаспен бірге Мәскеу - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келген келген 89 жолаушының қайда кеткені анықталды. 35 адам елордадан шығып кеткен, 14-і өңірлерде. Олар қазір жергілікті денсаулық сақтау органдарының бақылауына алынып, лабораториялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Ал қалған 54 жолаушының 53-і елордада карантинде жатыр, олар да тексеріліп жатыр» деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сауле Кисикова.
21 жолаушы Ресейге ұшып кеткен. 1 жолаушы дипломатиялық миссиясына байланысты Ресей елшілігінің аумағында қалған.
Нұр-Сұлтан қаласында екі науқас анықталған.