Коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу мақсатында Түркістан облысының әкімдігі өңірде залалсыздандыру шаралары күшейтіліп, бақылау артқанын мәлімдеді.
«Қазақсатан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көзделген міндеттер өңірдегі қала мен аудандарда тиянақты жүзеге асырылуда. Облыс орталығы Түркістан қаласында халық көп жиналатын орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгін Түркістан қалалық басқарма басшылары мен мамандары «Қуаныш» ЖШС базары және «Жолаушылар тасмалы» ЖШС-де коронавирустық инфекцияның негізгі белгілері мен одан сақтану жолдарын насихаттауға арналған жиын өткізді. Сонымен қатар, қаладағы қоғамдық көліктердің әр жолсапардан кейін жуылуы мен дезинфекциялануы қадағалауға алынды. Қоғамдық орындарда тазалау, залалсыздандыру шаралары да жүйелі жүзеге асырылады» делінген әкімдік таратқан ақпаратта.