• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Наурыз, 2020

Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлері телефонмен сөйлесті

259 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Қырғызстан Үкіметінің басшысы Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефонмен сөйлесті. Бұл туралы Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі хабарлады. 

Әңгіме барысына тараптар қазақстандық-қырғыз ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Үкімет басшылары азаматтар мен тауарлардың кедергісіз өтуі үшін мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғыз учаскесіндегі бақылау-өткізу пункттерінің одан әрі бірлескен және үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды. Бүгінде жүктерді тасымалдау үшін қазақстандық-қырғыз шекарасында ешқандай кедергі жоқ екені атап өтілді.