• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай кезінде азық-түлік маркеттері мен базарлар жұмыс істейді

371 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі республикада төтенше жағдай кезінде азық-түлік маркеттері мен базарлар өз жұмысын жалғастыратынын хабарлайды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикада төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығында айтылғандай, ірі сауда нысандарының жұмыс істеуі шектеледі, адамдар көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының (...) қызметі тоқтатылады. Азық-түлік және өнімсіз шағын дүкендер, сондай-ақ СОО-дан тыс орналасқан шағын және орта бизнестің өзге де сауда объектілері иелерінің қалауы бойынша жұмыс істейтін болады» делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.